Шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазалануы мүмкін
Шенеуніктердің блогер әйелдері сыйлық алғаны үшін жазалануы мүмкін
124
оқылды
Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері айтып берді.
"Күйеуінің қызметіне байланысты болмаса, әйелі сыйлықтар ала алады, бірақ сыйлық берушінің пайдасына себеп-салдарлық байланыс анықталса, онда ол жазаланады. Яғни, демеуші мен мемлекеттік қызметкердің қызметінде байланыс болмауы керегін ескеру қажет", - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері құны 2 АЕК-ден кем сыйлық алғаны үшін шенеуніктің туыстарына 600 АЕК әкімшілік айыппұл салына алатынын атап өтті. Ал сыйлық қымбатырақ болса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік.