Бұл туралы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі өкілдері айтып берді.
"Күйеуінің қызметіне байланысты болмаса, әйелі сыйлықтар ала алады, бірақ сыйлық берушінің пайдасына себеп-салдарлық байланыс анықталса, онда ол жазаланады. Яғни, демеуші мен мемлекеттік қызметкердің қызметінде байланыс болмауы керегін ескеру қажет", - деп жауап берді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер.Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері құны 2 АЕК-ден кем сыйлық алғаны үшін шенеуніктің туыстарына 600 АЕК әкімшілік айыппұл салына алатынын атап өтті. Ал сыйлық қымбатырақ болса, онда бұл қылмыстық жауапкершілік.