Сооронбай Жээнбеков қандай жағдайда қызметінен кететінін мәлімдеді
Сооронбай Жээнбеков қандай жағдайда қызметінен кететінін мәлімдеді
5,104
оқылды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елде саяси жағдай тұрақталса, қызметінен өз еркімен кетуге дайын, деп хабарлайды «Хабар 24». Қырғыз елінің басшысы халыққа кезекті үндеуінде осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір бастысы ­- мемлекеттің тұтастығы. Осы мақсатта қажетті шешімдер қабылдауға әзір. Ал үкімет басшысы болып тағайындалған Садыр Жаппаровтың мәлімдеуінше, президент биліктен ың-шыңсыз кеткісі келетінін білдірген. Қырғызстан парламенті 2 күн бұрын Жээнбековке импичмент жариялау мәселесін қарауға кріскен. Бірақ заңға сәйкес шешімді депутаттардың басым көпшілігі қолдауы тиіс. Еске сала кетейік, Қырғызстанда өткен жексенбі күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Бірнеше күнге созылған тәртіпсіздіктер кезінде 1 мыңнан аса адам зардап шекті.