Қызылордадан елордаға 6999 теңгеге ұшып баруға болады
Қызылордадан елордаға 6999 теңгеге ұшып баруға болады

FlyArystan Нұр-Сұлтан – Қызылорда – Нұр-Сұлтан бағытында билет құны 6999 теңгеден басталатын рейсін ашты. Бұл туралы Aikyn.kz порталына әуекомпанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Тікелей рейстер 26 қазаннан бастап орындалады. Билеттерді flyarystan.com сайтынан табуға болады. Жаңа рейс аптасына 3 рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жайлы Airbus A320 ұшақтарымен орындалады. Сапар ұзақтығы – 1,5 сағат. Қазіргі таңда лоукостердің барлық бағыттарына билет сатылымы 2021 жылдың 27 наурызына дейін қолжетімді, оның ішінде Қызылордадан Нұр-Сұлтан мен Атырау бағыттары да бар.