Қырғызстан президенті елдің премьер-министрін қызметінен босатты
Қырғызстан президенті елдің премьер-министрін қызметінен босатты
189
оқылды
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Куатбек Бороновтың отставкасы туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы қырғыз елі басшысының баспасөз қызметі хабарлады. Заңға сәйкес министрлер кабинеті жаңа үкімет жасақталғанша өз міндеттерін атқаруы тиіс. Бірақ премьер-министр Куатбек Боронов өз қызметінен толық бас тартуына байланысты премьердің міндеті бірінші вице-премьерге жүктеледі. Еске сала кетейік, Қырғызстанда өткен дүйсенбі күні парламенттік сайлаудың қорытындысы жариялана салысымен наразылық шерулері басталып, оның соңы қақтығысқа ұласты. Қазанның 6-сы күні премьер-министр Куатбек Боронов қызметтен босату туралы өтініш білдірді.