Алматыда 10-11 қазан күндері ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы inAlmaty.kz қалалық кәсіпкерлік бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Облыстың 17 ауданының өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкелер таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Алматының екі ауданында өтеді: – «Астана» алаңы (Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін); – «Алатау» концерт залы (Нұркент мөлтек ауданы, 6). Жәрмеңкелерде жалпы көлемі 400 тоннадан асатын 50-ден астам өнім түрі (ет, жеміс-көкөніс, сүт, балық және т.б) ұсынылады.