Ғалымдар әлемге жаңа эпидемияның қаупі төніп тұрғанын ескертті
Ғалымдар әлемге жаңа эпидемияның қаупі төніп тұрғанын ескертті
138
оқылды

АҚШ ғалымдары супербактериялардың таралуы салдарынан әлемге жаңа жаһандық қауіп төніп тұр деп есептейді, деп жазады  Science Alert.

Олардың айтуынша, жыл сайын әлемде 700 мың адам бактериялардың ерекше төзімді түрінен қайтыс болады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2050 жылға қарай зиянды микроорганизмдерді жұқтырған адамдардың саны 10 миллионға жетеді деген болжам айтты.

Ғалымдардың антибиотиктерді жиі қолдану салдарынан көптеген бактериялық инфекцияны, соның ішінде гонорея, туберкулез және сальмонелла штамдарын емдеу өте қиынға соғатынын  айтып дабыл қағуда.

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің профессоры Стеффани Стратди пандемия мен антибиотиктерді бақылаусыз қолдану салдарынан әлем жаңа эпидемиямен бетпе-бет келуі мүмкін екенін айтты.
«Бұл жаһандық дағдарыс және коронавирустың салдарынан әлемдегі ахуал нашарлап барады», - деп есептейді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ әлемде жаңа пандемия пайда болатынын хабарлағанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ БҰҰ адамзат үшн басты қауіпті де жариялағанын хабарлаған болатынбыз.