Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласының тұрғыны Айна Түменбаева үшемді дүниеге әкелді. Облыстық көпбейінді аруханада жарық дүние есігін ашқан үш ұлдың алғашқысы 2400 грамм болса, екіншісі – 2300, ал үшіншісі – 1800 грамм.
- Туылғаннан кейін балалар арнайы күтімді қажет етіп, жансақтау бөлмесіне орналастырылды. Келесі күні оларды анасына қасына шығарып, дәрігерлердің бақылауына алынды,- дейді неонатолог дәрігер Талғат Толықбаев.Балалардың ата-аналары ұлдарына Айсұлтан, Жансұлтан және Бексұлтан деген есім беріп отыр. 32 жасар Айна балабақшада тәрбиеші болса, жолдасы Азиз Байкеев өндіріс орнында қызмет етеді. Айта кетейік осыдан 4 жыл бұрын отбасында егіз ұл мен қыз дүниеге келген.
- УЗИ құрсақтағы баланың үшем екенін бірден көрсетті. Сол себепті біз бәріне дайын болдық. Отбасымның мүшелері көбейгеніне шексіз қуаныштымын, - дейді Айна.Жалпы Жамбыл облысында соңғы сегіз айдың қорытындысы бойынша 18128 әйел босанып, оның 184-і егіз тапқан. Үш ана үшемді дүниеге әкелген. Бұл сөз жоқ демографияға дүмпу әкелетіні даусыз.
Саятхан Сатылған,
Жамбыл облысы