Анталияда үш айлық баласын үй ауласына қалдырып кеткен қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр
Анталияда үш айлық баласын үй ауласына қалдырып кеткен қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр
5,128
оқылды
Түркияның Анталия қаласындағы үй ауласына үш айлық баласын қалдырып кеткен қазақстандық әйел іздестіріліп жатыр, - деп жазады Akdenizgercek басылымы.

Аулада бесік арбада жатқан баланы Сельма Мейдан есімді жергілікті тұрғын тауып алған. Ол дереу шұғыл көмек қызметіне хабарласты. Қазір бала білім беру және зерттеу ауруханасына жеткізілген.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері ұл баланың есімі арқылы әкесін іздеп тапты. Бала өз әкесі- 33 жастағы Түркия азаматына тапсырылды. Ер адам әйелінің неге бұлай жасағанын білмейтінін айтып, оның үстінен прокуратураға шағым түсірген. Анасы баламен бірге деп ойлаған.

Баланың анасы – 31 жастағы Қазақстан азаматы екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында әйелдің өз баласын өлтіріп, тоңазытқышқа салып қойғанын жазған болатынбыз.