Президент Сингапурдың аға министрімен кездесті
Президент Сингапурдың аға министрімен кездесті
5,160
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың аға министрі – ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестіруші министр Тео Чи Хинді қабылдады,– деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тараптар кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы қазіргі жағдайды және саяси, сауда-экономикалық салалар бойынша перспективалық жобаларды, сонымен қатар, цифрландыруға қатысты бірлескен іс-қимыл мәселелерін талқылады. Екі ел арасында достық қарым-қатынас орнағанын айтқан Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Ереванда өткен ЖЕЭО саммитінде Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лунмен келелі келіссөз жасағанын жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Сингапур Президенті Халима Якобке өзінің сәлемін жеткізуді өтінді.

– Мен Сингапур Президентін бұрыннан танимын. Екеуміз де өз елдеріміздің Парламенттерінде спикер қызметін атқардық. Мен оның Мемлекет басшысы болғанына өте қуаныштымын,– деді Қ.Тоқаев.

Тео Чи Хин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сингапур Президенті мен Премьер-министрінің ақжарма тілегін жеткізді. Сонымен қатар екі ел арасындағы байланыстарды одан әрі нығайта беруге ниетті екенін айтты.