Қ.Көшербаев мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті
Қ.Көшербаев мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті,– деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Satpayev University жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми жұмыстармен, сондай-ақ, халықаралық компаниялармен бірлесіп атқарылып жатқан жобалармен танысты.                                                                                                                      

Сондай-ақ, Қ.Көшербаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да келесі жылы аталып өтетін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындық шараларын пысықтады.                                                                                              

Мемлекеттік хатшы, Алматы қаласының әкімі, Мәдениет және спорт министрілігінің басшылығы «Қазақфильм» АҚ-да аталған мекемені дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен бірге Қазақ тағамтану академиясының ұжымымен кездесіп, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жобамен танысты.                                                                                           

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев бірқатар мәдениет және ғылым қайраткерлері мен сарапшыларды қабылдады.