Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті,– деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттік хатшы Satpayev University жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми жұмыстармен, сондай-ақ, халықаралық компаниялармен бірлесіп атқарылып жатқан жобалармен танысты.
Сондай-ақ, Қ.Көшербаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да келесі жылы аталып өтетін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындық шараларын пысықтады.
Мемлекеттік хатшы, Алматы қаласының әкімі, Мәдениет және спорт министрілігінің басшылығы «Қазақфильм» АҚ-да аталған мекемені дамыту мәселелерін талқылады. Сонымен бірге Қазақ тағамтану академиясының ұжымымен кездесіп, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жобамен танысты.
Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев бірқатар мәдениет және ғылым қайраткерлері мен сарапшыларды қабылдады.