Ұзынды-қысқалы адамдар...
Ұзынды-қысқалы адамдар...
191
оқылды

Бойдың ұзын, қысқа болуы адамға қорлық тудырмаса керек. Ол – жаратылыс. Әдетте медицина мамандары дене бітімі тұқымға байланысты деп айтады.

Рас, спортта бойдың ұзындығы жақсы жетістік болуы мүмкін. Қол-аяқтың ұзын болуы жүгіруге, жүзуге, боксшының жұдырықтасуына көмегі тиеді. Дегенмен, аласа бой да адамға белгілі бір бонус береді екен. Мәселен, кішкентай адам қимылдаған кезде жүйке импульстары миға тезірек хабар беріп, жылдам реакция береді деседі.              

Десек те, ұзын адаммен аласа адам кездесіп қалса күлкі шақыратын көрініс болатынын жоққа шығаруға болмас. Жақында lifter.com.ua сайты жариялаған суреттер топтамасын көзіміз шалған. «Айқынның» оқырманына да қызық болар деген ниетпен ұсынғанды жөн көрдік.