Алматыда қойма өртенді
Алматыда қойма өртенді
107
оқылды
Алматыда қоймада ірі өрт болды, - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, 9 қазан күні сағат 17:16 шамасында Жетісу ауданы Ангарская көшесі, 133/А мекенжайында қойма өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенде бір қабатты бөлек тұрған ғимарат өртеніп жатқаны белгілі болды. Қойма түгел темір конструкциядан жасалған. Ғимарат электр энергиясынан ажыратылған. Өрт сөндірушілер басқа ғимаратқа көшу қаупінің алдын алды», - делінген хабарламада.
https://www.instagram.com/p/CGHyiFhJgor/