Бішкектегі митингте тағы 5 адам жарақат алды
Бішкектегі митингте тағы 5 адам жарақат алды
Бішкектің Ала-Тоо алаңындағы митингте зардап шеккен бес адам ұлттық госпитальге жеткізілді, – деп хабарлайды Кабар агенттігі. Бұл жайлы Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ресми мәлімет таратқан. Жарақаттанғандардың екеуі амбулаторлық көмек алған, ал үшеуі орташа ауыр жағдайда госпитальге жатқызылған. Министрліктің мәліметінше, «Ата Мекен» партиясынан депутаттыққа кандидат Тілек Тоқтоғазиев те орташа ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Айта кетейік, Ала-Тоо алаңында өткен митингте әртүрлі партияны жақтаушы тараптардың арасында қақтығыс болған. Бішкектегі жағдай 5 қазанда парламент сайлауына көңілі толмағандар митингке шыққалы бері тынышталмай отыр.