Алматы маңында жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
122
оқылды
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 9 қазан күні Алматы уақытымен 21 сағат 31 минут 23 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 166 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 20 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.