Еңбекті реттеуге қатысты заң жобасын қарайды
Еңбекті реттеуге қатысты заң жобасын қарайды
112
оқылды
Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттардың бастамасымен әзір­­ленген қарыздық еңбекті рет­теу мәселелеріне қатысты заң  жо­­басын қарайды. Құжат қарыздық еңбек сала­сын құқықтық реттеудің болмауы­на байланысты және соның сал­дарынан қауіпсіздік пен гигие­на талаптарына сай келетін қазақ­стандық азаматтардың еңбек үшін қандай да бір кемсітусіз сыйақы алу мақсатында әзірленген. Сон­дай-ақ жұмыссыздықтан әлеу­мет­тік қорғалуға консти­туциялық құқықтарының жаппай бұзылуына әкеп соғатын проблемалық мәсе­лелерді шешуге бағытталған. Сонымен қатар алдағы жалпы отырыста Палата Еуразиялық па­тент конвенциясына Өнер­кәсіптік үлгілерді қорғау туралы хаттаманы ратификациялау тура­лы заң жоба­сы ұсынылады. Күн тәртібі жобасында Қыл­мыс­тық және Қылмыстық-про­цестік кодекстеріне қылмыстық про­цесте азаматтардың құ­қық­та­рын қорғауды күшейту және ау­дандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтуге қа­тысты, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мен бюджет заңнамасын жетілдіру бойынша заңнамалық түзетулерді жұмысқа алатын болады. Сонымен бірге Палатаның бейінді коми­теттері бірқатар рати­фикациялық құжатты қорытынды әзiрлеу үшiн жұмысқа алу көздейді. Атап айт­қанда, Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөнін­дегі белсенді шаралар мен шығыс­т­арды қолдау бағдарламасы) және Еуразиялық экономикалық одақ­тың тауар белгілері, қызмет көр­сету белгілері және тауарлар шы­ғарылған жерлердің атаулары ту­ралы шартты ратификациялау ту­ралы және Қазақстан мен Әзер­байжан арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау тура­лы заң жобалары бар.  

Г.БЕК