Пікір
Пікір
130
оқылды
Елбасы «Хабар» арнасындағы сұx­батында Түркістан облысының құрылуы, Түркістан қаласының дамуы жөніндегі келелі ойларын айтты. Бұл идея көптен бері ойында жүргенін жеткізді
Бейсен ТӘЖІБАЕВ,  Nur Otan партиясы Түркістан облыстық  филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

Түркістанның мәртебесі биік

– Елбасы «Хабар» арнасындағы сұx­батында Түркістан облысының құрылуы, Түркістан қаласының дамуы жөніндегі келелі ойларын айтты. Бұл идея көптен бері ойында жүргенін жеткізді. Түркістан қаласына тарихи мәртебенің берілуі Елбасының стратегиялық тұрғыдан ұтқан үлкен ісі екені даусыз. Түркі жұрты үшін орны бөлек тарихи қала қазіргі таңда Елбасы Жарлығымен облыс орталығы бо­лып, күннен-күнге көркейіп келеді. Қазіргі таңда көне шаһарда түрлі мұражайлар – Қожа-Ахмет Ясауидің, Қазақ тарихының, Түркі тарихының мұражайлары тұрғызы­луда. Жаңа жұмыс орындары құрылып, мыңдаған адам Түркістанға көшіп келді. Осы арқылы қала тұрғындар үшін қолайлы әрі әлеуеті, экономикасы жоғары мекенге айналады.

Сонымен бірге түркі әлемінің мәде­ни-рухани орталығына айналатынына да сенім басым. Себебі екі ғасыр бойы Қазақ хан­дығының астанасы болған Түркістанның әрбір қазақ үшін мәртебесі биік. Қазір киелі шаһардың әр бұрышында күндіз-түні құрылыс жүріп жатыр. Биыл­дың өзінде медиаорталық, облыс әкімдігі ғимараты, амфитеатр, әуенді субұрқақ және өзге де маңызды нысандар ашылады. Елбасы айт­қандай, «Көне Түркістанның жаңа Қа­зақстанның шамшырағы» бо­ларына сенеміз және бәріміз осыған үлес қосуымыз керек.

Лаура ДЕМЕСІНОВА, Bolashaq қауымдастығының атқарушы директоры:

Қиындықтарды ұмытпауымыз керек

– Елбасы – Nur Otan партия­сының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Хабар» телеар­на­сына берген сұхбатын толықтай қарап шықтым. Сұхбат кезінде Елбасы мен сұхбат алушы ара­сындағы табиғи шынайы әңгі­менің өрбуін көріп, ел басқару жолындағы Елбасының ерен еңбегіне тағы бір мәрте тәнті болып, ел игілігі үшін алда атқа­рылатын біраз жұмыстардың барысына да қанықтым.

Елбасының ерекше саяси ерік-жігері мен көреген дип­ло­маттығы, саңлақ саясат­кер­лі­гінің сан қыры көпке мәлім. Эко­но­ми­касы қуатты, саясаты тұрақты, та­ңы арайлап ататын, кеші ты­ныш бататын, халқы ұй­қыға алаң­­сыз жататын, ертеңіне сене­тін мем­лекет орнату – үлкен еңбек. Пар­тия Төрағасы әңгіме барысында Қазақстан тари­хы­ның жаңа за­маны жөнінде, ға­сырлар бойы аңсаған тәуелсіздік жолындағы қым-қиғаш күрестер туралы, халқымыздың бүгінгі бақытты, баянды тіршілігі ха­һын­да да баян­дап берді. Елбасы сондай-ақ тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жыл­да­рын­дағы қиын­дық­тар­ды ұмыт­пауымыз керектігін да баса айтты.

– Жалпы, елімізде және шетел­дік сарапшылар да Қазақ­станның осы жылдардағы өсіп-өркендеуіне оң баға берді. Бұ­рын­ғы Кеңес Одағының аума­ғын­дағы республикалардың ішін­де біз ең жылдам реформа жаса­дық. Эко­номикамыз қар­қын­ды өсті. Бұл – істеген жұмыс­тың нә­­ти­жесі. Сон­дықтан біз жай жүр­­ме­дік, дүниежүзілік тә­жіри­бені пай­даланып, стратегия­лық бағ­дар­ламалар жасадық, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Әбішұлының бү­кіл өмір жолы – үлкен өнеге мек­тебі десек болады. Сұхбат алушы да Елбасының қайран қаларлықтай жадына, ойлау жүйесінің берік­тігіне, ойын анық та қанық етіп жет­кізетін әрі қарапайым, әрі құнарлы тіліне, әсерлі әңгі­ме­ле­ріне елітіп отыр­ды. Елбасы сұх­батта бірқатар мәселелерді ерек­ше атап өтті. Сонымен қатар пар­тия Төрағасы Нұрсұлтан На­зар­баев қазіргі уақытта немен ай­налысып жат­қанына да тоқталды.

Елбасы – Nur Otan партия­сы­ның Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының сұхбатынан оның халқына, еліне деген шынайы махаббатын тағы бір мәрте анық аңғардым. Бұл елі қолдаған Елбасының халқына деген үлкен құрметі деп ұқтым.