Жезқазғандағы Жошы хан тарихи-мәдени кешені
Жезқазғандағы Жошы хан тарихи-мәдени кешені
Кешеннің ішінде Жез­қазған­ның киелі жерлеріне ар­налған экспозициялар мен де­монстрацияларға арналған арнайы залдар бар.  Дизайнерлер тарихи жазбаларды қалпына келтіріп, балауыз фигураларын салады. Арнайы кірпіш төсе­луінің арқасында ауа райына қарамастан, ғимарат әрдайым жылы болады. Туристер үшін қонақүй кешені мен ас­хана да дайын.  Құрылыс ком­паниясы директоры Абай Бай­ділдаевтың айтуынша, нысанда құрылысшылар екі ауысыммен жұмыс істейді. Қа­зір құрылысшылар ішкі әрлеу жұ­мыстарына кірісті. Аумақты абат­тандыру және көгалдандыру шаралары жүр­гізіледі. Жұмыс­тарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Кешеннің ауласында Жошы ханның бес метрлік гранит ескерткіші тұрғызылды. Тарихи кешеннің айналасында этноауыл пай­да болады. Ұлттық бұйымдар мен әшекейлер көрмесін өткізу үшін киіз үйлер мен шатырлар орнатылады. Жошы ханның тарихи-мәдени кешені Алтын Орда дәуірін зерттеуге ар­налған ғылыми ор­талық болмақ. Әрі  мұн­да отандық және шетелдік ғалым­дардың қатысуымен ғылыми конференциялар мен сим­позиумдар өткізуге де мүмкіндік болады.  

Ж. НҰРЛАНҰЛЫ