Майдангердің мүрдесі елге қайтарылды
Майдангердің мүрдесі елге қайтарылды
140
оқылды

1941-1945 жылдар аралығындағы соғыста қаза болып, Ресей аумағында жер қойнына тапсырылған қазақстандық жауынгер Қаш Әбдірахмановтың мүрдесі Қазақстандағы туған жеріне әкелінді.

Ақмола облысының Қорға­ныс істері жөніндегі департа­менті жергілікті орындаушы органдар мен ардагерлер ұйы­мы әскери рәсімдерді сақтай отырып, сар­баз­дың туған же­рін­де салта­нат­ты шара ұйым­дастыр­ды.

Ұлы Отан соғысының қа­ты­­сушысы Қаш Әбдірахма­нов­тың мүрдесі 2019 жылы қазан айында Ре­сейдің Киров облы­сы­ның әс­ке­ри комис­сариат­та­рының, Котель­нич қаласының әкімші­лігі­мен және «Юнама­рия» бірлес­кен жалпыресейлік әскери-пат­риот­тық қозға­лы­сының көмегі­мен табылды.

Мұрағаттағы мәліметтерге сәйкес, Әбдірахмановтың Ақмола облысы Біржан сал ауданы Жаңа­тұрмыс ауылының тумасы екені анықталды. Ол 1941 жылы шілде айында әскер­ге қабылданып, 73-диви­зия құрамында жауын­герлік іс-қимылдарға қатысқан. Аза­маттық хал актілер тіркеуіне сәйкес Қаш Әбдірахманов Киров облысы Котельнич қаласының әскери госпиталін­де ауыр жара­қат­тан қаза тауып, Киров қаласы­нан 124 шақырым жерде орналас­қан №40 ағайын­ды зиратта жер қойнына тап­сы­рылды.

Қазақстан мен Ресейдің қор­ға­ныс ведомстволарының ынты­мақтастығы мен іздеу жұмыс­тарының арқасында батырдың сүйегі туған жеріне әкелінді.