Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың тәуліктік өсімі рекордтық көрсеткішке жетті
Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың тәуліктік өсімі рекордтық көрсеткішке жетті
Әлемде соңғы тәулікте коронавирус жұқтырудың 338 779 жаңа жағдайы анықталған. Бұл – пандемия басталғалы тіркелген рекордтық көрсеткіш, – деп хабарлайды Toppress.kz порталы. Инфекцияға шалдыққандардың жалпы саны 36 002 827 адамға жетті. Сондай-ақ соңғы тәулікте әлем бойынша COVID-19 вирусынан кем дегенде 5514 науқас көз жұмған. Коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны – 1 049 810. Еске сала кетейік, бір күн бұрын ДДСҰ коронавирус жұқтырудың 271 421 жаңа жағдайы тіркелгенін және 4427 пациент COVID-19 вирусынан қайтыс болғаны туралы хабарлаған еді.