Бішкек комендатурасы митингтерге, көше шерулері мен жаппай жиналатын шараларға тыйым салды, деп хабарлайды kabar.kg агенттігі. Комендатураның баспасөз қызметі сағат 18.00-ден таңертеңгі 09.00-ге дейін алкоголь өнімдері мен қарулардың сатылуына тыйым салды. Сонымен бірге жағдайды ушықтыруға пайдаланылған аудио және видеотехникаларды қолдануға шектеу қойылып отыр. Бішкекте қазіргі уақытта азаматтардың барлығы үшін сағат кешкі 21.00-ден таңғы 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілген.