Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-президент Алмазбек Атамбаев, Қанат Сағымбаев пен Дамир Мусакеевті ұстады. Бұл туралы 24кg хабарлайды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, олар Бішкекте жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс аясында тергеу бұйрығы негізінде ұсталған. «Бүгінде ведомствоаралық жедел тергеу тобы осы қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтауға және қамауға алуға бағытталған іс-шараларды жалғастырып жатыр», – деді Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері. Еске сала кетейік, Алмазбек Атамбаевқа Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. 2019 жылдың 7-8 тамызында Қой-Таштағы жағдайлар бойынша және Азиз Батукаевты заңсыз босатуға қатысты сот процесі жүріп жатыр. Ол 6 қазанға қараған түні тергеу изоляторынан шықты.