Қызмет көрсету сапасы бақыланады
Қызмет көрсету сапасы бақыланады
141
оқылды

1 қазаннан бастап Қазақстанда «Зор Рух» қайырымдылық қоры Мем­лекеттік қызмет істері агентті­гі­­нің мемлекеттік әлеу­меттік тап­сы­­рысын орындау аясын­да мемле­кет­тік қызметтер көрсету сапа­сын ба­қылау бойынша жұмыстарды бас­та­ды.

Мониторингтің мақсаты – қазақ­стан­дық­тардың мемле­кет­тік қызметтердің сапасына, қол жетім­ділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау.

Мониторинг ең танымал, проблемалық (бюрократиялық, сыбайлас жемқорлық, мерзім­дерді бұзумен және т.б.) және әлеу­меттік маңызды 65 мем­лекеттік қызметтерді қамтиды. Мемлекеттік қызмет түрлерінің қатарына: жылжымайтын мү­лікке құқықтарды (ауыртпа­лықтарды) мемлекеттік тіркеу, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды таға­йындау, мектепке дейінгі балалар ұйым­дарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою, жедел меди­циналық көмекке жүгіну, тауарларды кедендік рәсімдеу, мұқтаждарды тіркеу, Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін қызметтік тұрғын үймен қамта­масыз ету, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және одан да басқа халық үшін маңызды қызметтер.

Осы жылдың желтоқсан айында мони­торинг нәтижелері бойынша, мемлекеттік қызмет көр­сетуді жақсарту, соның ішінде оларды жеңілдету, құжаттар мен құжаттардың уақытын қысқарту, бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтан­дыру бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Барлық нәтижелер бұқаралық ақпарат құрал­дарында және әлеуметтік желілерде жария­ланады.