Заңсыздыққа төзбеген полицейдің видеоүндеуінен кейін полиция басшысына қызметтік жаза берілді
Заңсыздыққа төзбеген полицейдің видеоүндеуінен кейін полиция басшысына қызметтік жаза берілді
Өңірге Өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жіберілді. ШҚО полицейі қазақстандықтарға бейнеөтініш жазып, қамауға алынған адамды заңсыз шығаруға тырысқан бастыққа шағымданған болатын. Тәртіптік комиссияның қорытындысы бойынша, полиция бастығына толық емес қызметтік жаза беріліп,  лауазымға қалдырылды. ІІМ деректеріне сәйкес, жағдай ведомство басшысының жеке бақылауында. Өңірге өзіндік қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері жіберіді. Олар қызметтік тексеріс жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап, полиция бөлімі басшыларының әрекетіне баға беруі тиіс.