«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтті
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтті
230
оқылды

Атырауда «Алтын тұлпар – Жа­йық жағасында» V респуб­ли­калық турнирі өтті. Елу бір ша­қырымдық аламан бәйгеде қы­зылордалық сәйгүлік жеңіске жетті.

Мұнайлы аймақта Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасы аясында, Nur Otan пар­тия­сының қолдауымен, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Атырау облыстық әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен Махамбет ауданы Талдыкөл елді ме­ке­нінде «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтті.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қала­сын­да өткізіліп келген «Алтын тұл­пар» бәй­­гесін ұйымдастырушылар ал­қасы оны елор­да төңірегінде ғана емес, еліміздің бас­қа өңірлерінде де өт­кізген жөн деп шешім қабылдаған.

«Алтын тұлпар» бәйгесі Қазақ­стан­ның ең үздік сәйгүліктері қаты­са­тын, айтулы атбегілердің асыға күте­тін мерекесіне айналды.

Атырауда өткен V республикалық «Алтын тұлпар – Жайық жағасында» бәйгесінде ағылшын-араб тұқымдас «Қоян­қасқа» мәре сызығын бірінші болып кесті.

Тур­нирге Қазақстанның 12 об­лы­­сынан келген 40 үздік ат пен ша­бан­доз­дар қатысты. Тур­нир аясында 7, 12, 25 және 51 шақырымдық қашықтықта төрт айналым өткізілді. Бәйгенің 10 мил­лион теңгелік бас жүлдесін ша­бан­доз Ғалымнұр Ноғайбек, жат­тық­тырушы Қуат Абсалямов және ат иесі Бердібек Мыханов иеленді.

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық­тар­ды Nur Otan партиясының хатшы­сы Ғабидолла Оспанқұлов, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов және Ұлттық спорт қауым­дастығының хатшысы Нұрсұл­тан Ибрагимов табыс етті.

– Бұған дейін «Алтын тұлпар» тур­нирінде оза шауып, жеңіске жет­кен 4 жүлдегер де қазақстандық тұ­­­қым­нан шыққан жылқылар еді. Ал бұл жолы жеңіс пен жүлдегерлер тек «шетелдік» арғымақтар болды. Спорт­шыларымызды жеңістерімен құттық­таймын, – деді Ұлттық спорт қа­уымдастығының хатшысы Нұрсұл­тан Ибрагимов.

Айтарлығы Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында «Алтын тұлпар» турнирімен қатар Атырау қаласы күніне арналған «Дарабоз – 2019» халықаралық турнирі өтті. «Дарабоз» турнирінің бағдарламасына көкпар, теңге алу, аударыспақ секілді 10 түрлі ұлттық ойын енгізілді.

Сайып келгенде, ұлы даланың ұлт­тық ойын түрлерінің тәрбие са­ба­ғы іспетті өтуі, жас ұрпақты ұлт­тық ойындарға, жарыстарға деген қы­­зығушылығын ғана емес, бабадан қал­ған дәстүрді жанына сіңіріп өмір­шең етуіне ықпал етуде.


Атырау облысы