19 жастағы поляк теннисшісі «Ролан Гарросты» жеңіп алды
19 жастағы поляк теннисшісі «Ролан Гарросты» жеңіп алды
Польшалық теннисші Ига Швентек Францияның «Ролан Гаррос» ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Теннисші үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі алғашқы жеңіс. Финалда Швентек АҚШ-тық теннисшісі София Кенинді 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Әйелдер теннисі қауымдастығының рейтингісінде (WTA) поляк теннисшісі 54-ші орында тұр.