Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

«Өліп қалуымыз керек болды ма?»: Пандемия кезінде жұмыс істеп, коронавирус жұқтырған емхана қызметкерлері өтемақы ала алмай жүр

Атырауда №1 емхана қызметкерлері өтемақысын ала алмай жүргеніне наразы.

Элмира Жақсыбайқызы
Қазан 11, 2020
Жаңалықтар, COVID-19, Басты жаңалықтар, Қазақстан
өтемақы

Фото: azh.kz

540
қаралым

9 қазанда Атырауда пандемия кезінде жұмыс істегені үшін әлі күнге дейін өтемақы алмаған №1 қалалық емхананың 30-дан астам қызметкері емханада жиналды. Олардың айтуынша, екі мәрте құжат тапсырғанымен, Денсаулық сақтау басқармасы өтемақы төлеуден бас тартқан.

Емхана тіркеушісі Мария Қонарова – пандемия кезінде коронавирус жұқтырған ең алғашқы медицина қызметкерлерінің бірі. Ол қауіпті дертті емханаға келген науқастардан жұқтырғанына сенімді. Алайда әлі күнге өтемақысын ала алмай жүр деп жазады  azh.kz

– Мен өзім көпбалалы анамын. Коронавирусты тексерген тест оң нәтиже көрсетіп, оған қоса пневмония диагнозы қойылды. Ауруханада емделіп шықтым. – дейді М.Қонарова. – Карантин кезінде емханамыз жабылған жоқ. Кейбір әріптесіміз ауырса да, емделіп алып, жұмысқа қайта шықты. Біз өтемақы алуға екі рет құжат тапсырдық. Екеуінде де себебін түсіндірместен бас тартты. Бұл әділетсіздік қой.

Бұдан бөлек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының құжат қабылдаған қызметкерлері бізден: «Қашан, қай жерде жұқтырып алдыңдар?» деп сұрайды. Осы сұраққа жауап беру мүмкін бе өзі?

Атыраулық мектеп оқушысы АITYSTAR тележобасында жеңімпаз атанды

Қатты жел әбігерге түсірді

Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 2 облысы «қызыл» аймаққа енді

Ренгенолог Азамат Әділбекұлы пандемияның алғашқы кезеңінде 200-ге жуық науқасқа, соның ішінде әріптестеріне де, «пневмония» диагнозын қойған.

– Мені ауыстыратын екінші рентгенолог ауырып қалып, мені жұмыстан жіберген жоқ. Екі күн дене қызуым 39 градус болса да, жұмыста жүрдім, – дейді рентгенолог. – Компьютерлік томография нәтижесі бойынша пневмония болсақ та, қызметімізді атқара беруге тура келді. КТ-ға өз әріптестерімді де түсірдім, қажет болса, көбінде пневмония болғанын дәлелдей аламын.

70 МИЛЛИОН ҚАЙДА ЖОҒАЛЫП КЕТТІ?

Мамандардың айтуынша, 65 мың адамға қызмет көрсететін қаладағы ең үлкен емханада 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың көбі коронавируспен  ауырып шықты.

– КТ-ға түсіп, шыққан қорытындылардың бәрі бар. Ковидке тапсырған анализ оң нәтиже көрсетті. Енді не керек боп тұр? Әлде өліп қалуымыз керек болды ма? Өздері емес пе бізді блок бекетке қойған! – дейді  мейірбике Балжан Төлегенова.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Асхан Байдуалиев жиналғандарды арнайы комиссия шешімімен таныстырды.

– Өтемақы заң шеңберінде комиссия шешіміне сәйкес төленеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне тексеру нәтижесі бойынша өтемақы төлеу туралы денсаулық сақтау және еңбек министрліктерінің біріккен бұйрығы бар. Дәрігерлерге өтемақы осы ережеге сай төленеді. Алайда, сол бұйрыққа жақында енгізілген өзгерістерге байланысты дәрігерлердің құжаты қайтадан комиссияға беріліп, қазір қаралып жатыр. 27 материалдың 9-ына төлеу туралы шешім қабылданды. Негізінен мобильді топта жұмыс істемегендерге өтемақы төлеуден бас тартылды, – дейді Байдуалиев. Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерінің еңбекақысына коронавируспен күрес кезінде қосылған үстеме ақы уақытында төленгенін мәлімдеді. Ал медиктердің өзі еңбекақыны уақытында алмағанын айтып отыр. Емхана қызметкерлері дифференциалды төлем мен сыйақылардан да қағылған.

Оны басшылық №1 емхананың есепшотынан түсініксіз жағдайда 70  млн теңгенің жоғалуымен түсіндірген. Бұл электронды алаяқтардан келген іс, тергеу жүріп жатыр деп мәлімдеді Байдуалиев.

 
Тегтер: Атырауемхана қызметкерлерікоронавирусөтемақы
Алдыңғы жаңалық

94 адамнан коронавирус анықталды

Келесі жаңалық

Фируза Шәріпованың Мәскеуде өтетін жекпе-жектегі қарсыласы  белгілі болды

Ұқсас жаңалықтар

облыс
Жаңалықтар

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 2021
Нью-Йорк
Жаңалықтар

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 2021
мектеп
Жаңалықтар

Атыраулық мектеп оқушысы АITYSTAR тележобасында жеңімпаз атанды

Қаңтар 16, 2021
Қайрат
Жаңалықтар

«Қайрат» шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендер тізіміне енді

Қаңтар 16, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 20:10

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 20:04

Атыраулық мектеп оқушысы АITYSTAR тележобасында жеңімпаз атанды

Қаңтар 16, 19:34

«Қайрат» шабуылшысы ХХІ ғасырдың үздік сұрмергендер тізіміне енді

Қаңтар 16, 19:23

Боранға байланысты «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қаңтар 16, 19:14

Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова баннердегі суреті үшін 1 миллион теңге сұрап отыр

Қаңтар 16, 18:52

Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды

Қаңтар 16, 18:14
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

облыс

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қаңтар 16, 2021
Нью-Йорк

Данияр Алшынов Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Қаңтар 16, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»