Фируза Шәріпованың Мәскеуде өтетін жекпе-жектегі қарсыласы  белгілі болды
Фируза Шәріпованың Мәскеуде өтетін жекпе-жектегі қарсыласы  белгілі болды
Қазақстандық боксшы, IBA тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 30 қазанда Мәскеудегі «Крылья Советов» спорт кешенінде өткізеді. BoxRec.com ақпараты бойынша, 26 жастағы Фирузаның қарсыласы Сербияның 32 жастағы спортшысы Сара Марьянович (7-7, 3 КО) . Жеңіл салмақ бойынша  жекпе-жек сегіз раунд форматында өтеді. Шәріпова 22 тамыз күні Қазанда кәсіби рингтегі өнер көрсеткен болатын. Сол жекпе-жектің бесінші раундында Танзандық спортшы Хэппи Даудиді (8-7-1, 4 КО) техникалық нокаутпен  жеңді.