Аралас жекпе-жек шебері Ілияс Хамзин қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді – видео
Аралас жекпе-жек шебері Ілияс Хамзин қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді – видео
159
оқылды

Қазақстанда туған Ілияс Хамзин Екатеринбургте өткен аралас жекпе-жек турнирінде ресейлік Дмитрий Гавриловты мерзімінен бұрын жеңді.

Instagram-дағы mma_f1ghters_kz парақшасы жекпе-жек бірінші раундта аяқталғанын жазды. 32 жастағы Ілияс Хамзин осымен алтыншы жеңісіне қол жеткізді,  бір рет жеңілген. "Екатеринбургтегі турнирде Ілияс Хамзин қарсыласын нокаутқа түсірді. Мына соққыдан кейін Гаврилов есін жия алмады", – делінген жазбада. Ілияс Хамзин  Қазақстанда туып-өскен. Кейін ата-анасымен бірге Омбыға көшкен. Кикбоксингпен және тай боксымен айналысқан. Ресейлік файтер Питер Янмен кездескеннен кейін ол аралас жекпе-жекке ауысты. https://www.instagram.com/p/CGK_-ULAqTQ/