Санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін қазақстандықтарға 900 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған
Санитарлық талаптарды сақтамағаны үшін қазақстандықтарға 900 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған
99
оқылды
5 шілдеден бастап құқық қорғау органдары санитарлық-эпидемиялық талаптарды бұзғаны үшін 895 миллион теңгеге жуық 16 мың әкімшілік хаттама толтырды. «Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы, 1 - тармағы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін 5 шілдеден бастап 894,8 миллион теңге (екі миллион доллардан астам) сомаға 15 817 хаттама жасалды», – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Сонымен қатар жеке тұлғалар 307,4 миллион теңге айыппұл төлеген. Бұзушылықтар саны бойынша алдыңғы орында тұрған өңірлер: Алматы (3 837 хаттама), Түркістан облысы (2 974 хаттама) және Қостанай облысы (1 323 хаттама).