Қазақ қызы Қытайда Димаштың әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді – видео
Қазақ қызы Қытайда Димаштың әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді – видео
235
оқылды
«Қытай дауысы» (Sing! China) музыкалық жобасына қатысып жатқан отандасымыз Мәдина Думанқызы Димаштың «Ұмытылмас күн» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жобаның 8-ші айналымында Мәдина Думанқызы Димаш Құдайбергеннің «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілдерінде орындады. Әнші Қытайдың weibo әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Қытай дауысы» жобасында Димаштың әнін орындап шыққаннан кейінгі әсерімен бөліскен.
«Маған «Қытай дауысы» жобасында Димаш ағамыздың әнін орындауға мүмкіндік бергені үшін Ли Цзян ханымға рахмет айтамын! Бұл ән маған ерекше ұнайды! Байқаудың осы кезеңінде маусымдық ауа райының өзгерісіне байланысты тамағымды сәл қарлықтырып, ауыртып алдым. Сондықтан өзім ойлағандай деңгейде әнді жеткізе алмаған секілдімін. Десе де нәтижесі қандай болмасын, өз ұлтымның әнін осы сахнаға алып шыққаныма өте қуаныштымын. Өз халқыңның болмысын, биік өнерін ән арқылы басқаларға түсіндіріп, жеткізу мағыналы іс және бақытты сезімге бөлейді!», – деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, жоба Қытайдың «Чжэзяң» телеарнасында көрсетіліп жатыр. https://www.facebook.com/100000767898741/videos/3344063625629201/