Қарақат Башанованың өмірден өткен әкесіне арнаған әні Junior Eurovision арнасында жарияланды – видео 
Қарақат Башанованың өмірден өткен әкесіне арнаған әні Junior Eurovision арнасында жарияланды  – видео 
Қарақат Башанованың Forever әніне арналған бейнебаяны Junior Eurovision байқауының Youtube-тегі ресми арнасында жарияланды. 12 жастағы орындаушы өзінің Forever  әнін өмірден өткен әкесіне арнаған. Әнді жазған композитор – Хамит Шаңғалиев. Ал бейнебаян сценарийін режиссер Малик Зенгер жазған. Мұндағы басты кейіпкер – әкесі мен қызы. Қарақат қазір  Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық музыка академиясының музыка мектебінде оқиды, фортепиано мен скрипкада ойнайды. Junior Eurovision-2020 байқауының гранд-финалы 29 қараша күні телекөпір форматында өтеді. Жеңімпаз қазылар алқасының даусымен және онлайн дауыс беру арқылы анықталмақ.   https://www.youtube.com/watch?v=uI5g6o1SRvg&feature=emb_logo&ab_channel=JuniorEurovisionSongContest