АҚШ Түркияға қарсы санкциялар салды
АҚШ Түркияға қарсы санкциялар салды
123
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Сириядағы жағдайға байланысты Түркияға қарсы санкциялар енгізді. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео хабарлады деп жазады РИА Новости.

Жарлықта Сириядағы операцияны тоқтату үшін Түркияға қысым жасау жайы қаралған.

«Жарлық Сирияның солтүстік-шығысындағы тұрақтылық пен тыныштықты бұзып, адамдардың өміріне қауіп келтіретін жағдайларға тікелей араласып жатқан Түркия үкіметімен байланысты ұйымдармен жеке тұлғаларға Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік департаментке шектеу шараларын енгізуге құқық береді», деп хабарлайды Помпео.

АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар Түркияның Қорғаныс және Энергетика министрлігіне, сондай-ақ аталған министрліктер басшылары Хулуси Акар мен Фатих Донмезге салынғанын хабарлады. Сонымен қатар қара тізімге Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Сүлейман Сойлу да енді.

Еске салсақ Түркия өткен аптада Сириядағы күрд жасақтарына қарсы «Бейбітшілік қайнары» операциясын бастады.