Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады
Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады
5,124
оқылды
Қазақстандық студенттер Ресейге тек ұшақпен бара алады. Мәскеудегі Қазақстан елшілігі осындай мәлімдеме жасады. Ұшып келген студент көші-қон картасында өздігімен келу мақсатын «Оқу» деп көрсетуі керек. Оқу орны осы арқылы келу кезеңіне байланысты тіркеу құжатын жасайды. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Ресейге үшінші ел арқылы кіруге тек тұруға ықтиярхаты бар азаматтар кіре алатынын хабарлайды. Егер ҚР азаматы Ресейге Қазақстан арқылы емес, Түркия арқылы кіруді жөн деп шешсе, онда оның Түркияда тұруға ықтиярхаты болуы керек. «Екі ел арасындағы әуе рейстерін Air Astana мен Аэрофлот компаниялары жасайды. Әуе билеттерінің бағасы мен ұшақтардың ұшу тәртібін әуе компанияларының сайтынан білуге болады. Ресейге келетін азаматтарда коронавирус бойынша ПТР-анықтама болуы (72 сағатқа жарамды) керек», – делінген хабарламада.