Атамбаев аштық жарияламақ
Атамбаев аштық жарияламақ
5,070
оқылды

МҰҚК Тергеу изоляторында отырған Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев егер оны күштеп сотқа апаратын болса, аштық жариялайды. Бұл туралы 24.kg-ге оның адвокаты Замир Жоошев хабарлады.

«Алмазбек Шаршенұлының жағдайы қазір тұрақты. Алайда егер бір-екі рет тамақ ішпей қалса, денсаулығы нашарлап кетуі мүмкін. Егер құқық қорғау органдары мәжбүрлі әрекет жасайтын болса, ол (Атамбаев-ред) аштық жариялаймын деді», деді З.Жоошев.

«Егер сот пен үкімет менің өлімімді қаласа, онда осындай қадамға барсын» депті Атамбаев.

«Біріншіден тергеу изоляторында отырған адамды күштеуге болмайды, бұл заңсыз. Екіншіден, жағымсыз салдары болуы мүмкін. Егер үкімет жағдайдың беталысы осылай болғанын қаласа, бұл спектакльді жалғастыра берулеріне болады», дейді З.Жоошев.