Қазақстан Албания қақпасының кілтін таппады – есеп 0:0

Қазақстан Албания қақпасының кілтін таппады – есеп 0:0

Алматыда Еуропаның Ұлттар лигасындағы үшінші кездесуінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Албанияны қабылдап, 0-0 есебімен тең түсті. Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі хабарлайды.

[caption id="attachment_78892" align="alignnone" > ©kff.kz[/caption] Билектің шәкірттері алаңға тек жеңіс үшін шыққанымен, ойын олар үшін ауыр өтті. Албания оңай шағылатын жаңғақ емес екенін алғашқы минуттардан-ақ дәлелдеді. Тіпті барлық көрсеткіш бойынша Балқан түбегінен келген футболшылар қазақтардан басым түсті. Дегенмен қорғаушылар мен қақпашының шеберлігі арқасында біздің қақпаға доп дарымады. Ал шабуылшыларымыз допқа иелік еткенімен қонақтардың әлсіз тұсын таппады. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында 4 ұпай жиналды. Дәл осындай көрсеткішпен албаниялықтар ізімізден келеді. Беларусь пен Литва құрамасында 3 ұпай бар. Бірақ олар өзара кім мықтыны бүгін түнде анықтайды. Келесі ойында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Беларусь құрамасымен кездеседі. Матч Минскте 13 қазан күні өтеді. [caption id="attachment_78893" align="alignnone" > ©kff.kz[/caption] [caption id="attachment_78894" align="alignnone" > ©kff.kz[/caption]