Таиландта пойыз бен автобус соқтығысуынан 20 адам қайтыс болды
Таиландта пойыз бен автобус соқтығысуынан 20 адам қайтыс болды
141
оқылды
Таиландтың Чаченгсау провинциясындағы теміржол өткелінде жүк пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 20 адам қайтыс болып, 30-дан астам адам жарақат алды.Бұл туралы Aikyn.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтей отырып хабарлайды. Жол-көлік оқиғасы жексенбі күні сағат 08.05-те Бангкоктан 80 шақырым жерде орналасқан Чаченгсау провинциясында болған. 60 жолаушысы бар автобус күтпеген жерден темір жол өткеліне өтіп кеткен. Осы кезде өткелге жақындаған пойыз жедел тежегішті басады, бірақ жылдамдықты азайтуға үлгермей автобусты қағып кетеді. Пойыз жүргізушінің кабинасына және орындықтардың бірінші қатарына соғылды.