Бұл жайында ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай Өскемен қаласының аумағына қарайтын Белый Камень ауылындағы үйлердің бірінде болған. Жасырынбақ ойнап жүрген 10 жастағы қыз кір жуғыш машинаға кіріп, тығылып қалған. Артынан өздігінен әлгі құрылғыдан шыға алмай қалған.
«ПЧ-28 бөлімінің өкілдері машинаның кейбір бөлшектерін ажыратып, қызды шығарып алды. Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем қызметінің өкілдері қыздың зардап шекпегенін, денесінде ешқандай жарақат немесе сынған мүшелер жоқ екенін айтты» - делінген ШҚО ТЖД баспасөз хабарламасында.