Трамп Ердоғаннан Сириядағы операцияны дереу тоқтатуды талап етті
Трамп Ердоғаннан Сириядағы операцияны дереу тоқтатуды талап етті
121
оқылды

АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Анкараны Сириядағы әскери операцияны тоқтатуға шақырды. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Майк Пенс Ақ үйде өткен баспасөз конференциясы барысында айтты.

Пенстің сөзінше Трамп Ердоғанға Құрама Штаттар Түркияның Сирияға басқындығын дереу тоқтатып, қақтығысқа нүкте қойып, күрд жасақтарымен келіссөз өткізуге шақырған. Пенс Трамптың Жарлығымен Таяу Шығысқа баратынын да айтты.

Еске салсақ өткен аптада Түркия Сирияда Анкара ресми лаңкес деп танитын Күрдістанның жұмысшы партиясына қарсы «Бейбітшілік қайнары» атты әскери операциясын бастады.