Таразда мониторинг тобы бір мейрамханада бірнеше банкет өтіп жатқанын анықталыпты.
"Жақында 500 адам жиналған тойды анықтадық. Клиенттердің өзі бізге атылып, шабуылдап шығады. Өздерінің арасында бір адам ауырып отыруы мүмкін ғой, міне ол бәріне жұқтыруы ықтимал дегенді түсінбейді. Тыйым салынғанын түсіндіріп жатырмыз, бірақ адамдар ұқпайды", - деді мониторинг тобының мүшесі Николай Чагай.
Тазарда күн сайын 12 мобильді топ тексеру жүргізіп отырады екен. Соның ішінде көбіне персоналдың маска және қолғапсыз жұмыс істейтінін, санитайзер қолданбайтыны анықталып жатыр. Соған қарай, кафе иелеріне қатысты хаттама толтырылып, талаптардың бұзылғаны туралы СЭС-ке мәлімет беріледі. Барлығы 15 миллион теңгеге жуық айыппұл салыныпты.
[embed]https://youtu.be/LZX3f58m3o8[/embed]