Мұздатқышта қатырылған кеспені жеп отбасының 7 адамы көз жұмды
Мұздатқышта қатырылған кеспені жеп отбасының 7 адамы көз жұмды
128
оқылды
Хабар24-тің мәлімдеуінше, жергілікті Xinhua агенттігінің ақпаратына сәйкес, Қытайдың Хэйлунцзян провинциясында жеті адам түскі тамақтан уланып, қайтыс болған. Қайғылы оқиға Цзидун уезінде болған. Ван есімді тұрғын өз отбасының сегіз мүшесімен бірге бір жыл бойы мұздатылған күйі сақталған жергілікті тағам – ашыған кеспені жеген екен. Тәртіп сақшылары қасақана өлтіру мақсатында тағаммен улау болжамын теріске шығарып отыр. Себебі, оқиға орнында тәркіге алынған кеспеден улы зат табылмаған. Зертханалық сараптамалардың нәтижесіне сәйкес, кеспедегі афлатоксин мөлшері тиісті нормадан әлдеқайда асып кеткен екен. Тергеу "марқұмдар афлатоксинмен уланған" деген ұйғарымға келді.