Скандинавиялық жүріс адамды жүдетеді екен
Скандинавиялық жүріс адамды жүдетеді екен
Оның айтуынша, скандинавиялық жүріс спортына көп ақша шығындалмайды. Спорттың бұл түрінде жарақат алу көрсеткіші де төмен. «Скандинавиялық жүріспен айналысқан адамның бойындағы бұлшық еттердің 90 пайызы шынығады. Ал буындары мен омыртқаға түсетін күш 30 пайызға төмендейді. Жүрек соғысы жиілеп, қан тамырлары жүйесіне жағымды әсер етеді. Калория жай жүрістен қарағанда 45 пайызға көп жұмсалады. Ағзаға түсетін оттегі мөлшері 30 пайызға көбейеді» дейді ол.