Өртенген вагон ішінен ер адамның мәйіті табылды
Өртенген вагон ішінен ер адамның мәйіті табылды
109
оқылды
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт  бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында «Титан» саяжай қауымдастығы аумағында болған. Анықталғандай, вагон ішіндегі өрт  жиһаз бен жеке заттары өртенген. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1980 жылғы ер адамның күйген денесін тапқан.

«Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Бұл контейнер электрлендірілген болып шықты. Қызыл жалынның шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден немесе электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», - деп хабарлады ведомство өкілдері.