Қазақтың "Мұзбалағы" Disney мен Pixar-ды артта қалдырды
Қазақтың "Мұзбалағы" Disney мен Pixar-ды артта қалдырды
159
оқылды

Толықметражды «Мұзбалақ» анимациялық фильмі 24 халықаралық Schlingel балалар мен жасөспірімдер Халықаралық кинофестивалінде «Үздік анимациялық фильм» жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы "Азаттық рухы" хабарлайды.

«Мұзбалақ» картинасы адам мен бүркіттің достығы яғни құс пен оның баптаушысының өзара сеніміне негізделген. Анимациялық фильмнің режиссерлары – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы.

«2D анимациясының әсерлі жұмысы. Disney мен Pixar-дың анимациялық кеңістігінен тыс жасалған нағыз жаңалық», деп жазылған фестивальдің баспасөз релизінде.