13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі. Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілгені айтылады. "Жаңа талаптар бойынша, енді тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады. Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады. Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады. Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі", - делінген хабарламада.