Тоқаевтың ұлының суреті жарияланды
Тоқаевтың ұлының суреті жарияланды
267
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы Тимур Қасымжомартұлы Тоқаевтың суреті әлеуметтік желіде жарияланды. Фотоны өзінің телеграм желісіне блогер Ербол Еділов жүктеген.

"Тимур Тоқаев - мемлекет басшысының жалғыз ұлы. Ол туралы ашық дереккөздерде ақпарат аз. Оның 1984 жылы дүниеге келгені белгілі. 2009 жылы "Қазақстанның Батысқа қатысты стратегиясы: ұлттық мүдделер, бағыттар мен артықшылықтар" тақырыбында диссертация қорғаған, саясат ғылымдарының докторы, бизнесмен. 2013 жылы оның Атырау облысындағы Градовое кен орнында көмірсутегі шикізатын өндірумен айналысатын «Аби Петролеум Капитал» компаниясының серіктестігінің құрылтайшысы екендігі туралы ақпарат пайда болды. Компанияның кірісі 2012 жылы 3,2 млрд теңгені құрады. Тимур Тоқаев сондай-ақ атасы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорының негізін қалаушы", деп жазды Еділов өзінің телеграмында.