14 жастағы қыз жігітімен кездесемін деп үйінен қашып кеткен
14 жастағы қыз жігітімен кездесемін деп үйінен қашып кеткен
118
оқылды
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, үйінен қашып кеткен жасөсіпірімді Шымкент көшелерінің бірінен табылды. Алғашында қыздың ата-анасы оны ағайын-туыстарының үйінен іздестіріп, өздері табуға тырысқан. Алайда ол әрекеттерінен ештеңе шықпаған. Содан олар полицияның көмегіне жүгінген. «Қабылданған шаралар мен іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Түркістан полициясы қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен кездесіп, Шымкентке кеткенін анықтады. Құқық қорғау органдары жоғалған қызды мегаполис көшелерінің бірінен тауып, үйіне ата-анасына жеткізді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.