Алматыда жылыту маусымы басталғалы, 7 адам табиғи газдан уланып қалды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқарма бастығының міндетін атқарушы Талғат Дүйсебаев айтты.
«Қатты отынмен жылытылатын үйлердің саны азайғанымен, табиғи газбен улану қаупі артып келеді. Қыркүйек айының басынан бастап, биылғы жылыту кезеңінде 7 адам табиғи газдан уланып үлгерді, оның 3-уі бала. 4 адам қатты отын (көмір) пешінің көміртегі тотығынан уланды, оның 2-уі бала», - деді Талғат Дүйсебаев.Оның айтуынша, осыған байланысты, Тұрғын үй саясаты басқармасы мен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ- на «Газ тарату жүйелері» 8.12 тармағына сәйкес, газ жүйелері мен жабдықтарын тек газдың ағып кету датчиктері (газ анализаторы) болған жағдайда пайдалануға беру ұсынылды.