Жастар ала алмаған "алтынды" 58 жастағы балуанымыз әперді
Жастар ала алмаған "алтынды"  58 жастағы балуанымыз әперді
256
оқылды

Грузияда өткен ардагерлер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан балуаны Қасенхан Серғазиев чемпион атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

62 келі салмақ дәрежесінде белдескен жерлесіміз жартылай финалда ирандық балуанға қарсы шықты. Осы жекпе-жекте ол қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Ал келесі айналымда түрік балуанымен күресті. Әуелгіде екеуі тең жағдайда белдескен. Дегенмен Қасенхан Серғазиевтің күші басым шықты. Қорытынды есеп – 4:8. 


    

https://youtu.be/bzch4NEmm18

Жерлесіміз финалда тағы түрік балуанымен кездескен болатын. Қарсылас бірден екі ұпайды алып кетті. Әйтсе де, тәжірибелі спортшымыз  өз әдісін шебер орындап, төрт ұпаймен алға шықты. Одан кейін 8 ұпайға қол жеткізді. Соңында түрік балуаны екі ұпай алса да, Серғазиевке жете алмады. 

https://youtu.be/gxdtuylV8TY

58 жастағы жерлесіміздің жеңісі желі қолданушыларын да қуантып жатыр.

«Жастардан қайран жоқ» деген болуы керек. 58 жасар қазақ балуаны Қасенхан Серғазиев ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында алтыннан алқа тағыпты. Ұлттық құрамадағы қарасақалдардан осы бір ақсақал озып тұр»,–деп жазды Ерболат Айнабеков деген азамат facebook-тегі парақшасында.

https://youtu.be/wQnpPgW3Ynw

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен әлем чемпионатының алтын медалін соңғы рет сонау 1999 жылы алған. Ол кезде Мхитар Манукян Грекияның Афина қаласында өткен жарыста алтын медаль ұтып, екі дүркін әлем чемпионы атанды.